Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі кімдерге арналған?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 715-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, қызметті өз бетінше жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған. Айына 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі табыс кезінде жеке табыс салығы төленбейді, бұл ретте 4 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленеді. Осылайша, көрсетілген 4 % салық болып табылмайды, ол азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік төлемдердің жиынтығы болып табылады. Есептеу және төлеу мобильді қосымша арқылы автоматтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады.
Мысал: Такси жүргізушісі ретінде цифрлық платформа арқылы өз бетінше қызметті жүзеге асыруға шешім қабылдаған жеке тұлға Кодексте көзделген талаптарды сақтаған жағдайда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.