Секвестрлеу дегеніміз не?
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 97-бабына сәйкес секвестрлеу бюджет қаражатының шығыстарын белгілі бір шектерде қысқартуды көздейтін арнаулы тетікті білдіреді, ол республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару кезінде бекітілген түсімдердің республикалық және жергілікті бюджеттерге толық түспеуі салдарынан бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмаған жағдайларда енгізіледі.
Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, шығыстардың жылдық бекітілген (нақтыланған) көлемін он пайыздан аз сомаға секвестрлеу – Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің) шешімімен, он пайыздан жоғары сомаға секвестрлеу республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Мысалы, республикалық бюджетті атқару процесінде бюджетке нақты түсімдер бекітілген көлемнен төмен болатын жағдай туындайды. Нәтижесінде бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды қысқарту қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда заңнамада белгіленген шектеулерді және секвестрлеуге жатпайтын шығыстар тізбесін ескере отырып, шығыстарды секвестрлеу туралы шешім қабылдануы мүмкін. Егер шығыстарды қысқарту көлемі белгіленген шектен аспаса, секвестрлеу Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен, ал көрсетілген шектен асқан кезде – республикалық бюджет туралы заңның немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылады.