Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының елеулі талаптары өзгерген кезде монополияға қарсы органның келісімін құжаттар экономикалық сараптамаға жіберілгенге дейін немесе одан кейін алу қажет пе?
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 49-бабының 5-тармағына сәйкес Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартының елеулі талаптары (Мысалы, МЖӘ жобасын қаржыландыру мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ инвестициялардың мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары; шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда олардың түрлері, көлемдері, ұсыну мерзімдері мен шарттары; МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі) сараптамалардың оң қорытындылары болған және өзгерістер тиісінше конкурстық құжаттаманы және МЖӘ шартының жобасын сараптауды және келісуді жүзеге асырған барлық органмен, олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша өзге де мүдделі органдармен келісілген жағдайда ғана, сондай-ақ монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде осындай өзгерістерді келіскен жағдайда өзгертілуі мүмкін.
Осылайша, МЖӘ шартының елеулі талаптары өзгерген кезде монополияға қарсы органның келісімін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысын алу үшін құжаттар экономикалық сараптамаға жіберілгенге дейін алу қажет.