Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі дегеніміз не?
Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығы) 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі – желілік су жылу желісінен ыстық суды бұру арқылы тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау үшін тікелей пайдаланылатын жылумен жабдықтаудың су жүйесі.
Мысалы, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі жағдайында Қарағанды қаласында жылу энергиясын беру, тарату және өткізу қызметтерін көрсетеді.