Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 желтоқсан

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    2025 жылғы 18 желтоқсанда Министрлік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі кейбір мәселелер» тақырыптары бойынша семинар өткізді.

    Семинар барысында қызметкерлерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот практикасының негізгі аспектілері түсіндірілді. Атап айтқанда, іс жүргізу кезінде құқықбұзушылық құрамдарын дұрыс саралау ерекшеліктері, сондай-ақ соттардың қаулы шығарудағы және санкцияларды қолданудағы өзекті тәсілдері қарастырылды.

    Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі кең тараған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды анықтау және азайту тетіктері, сондай-ақ адалдық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік іс-шаралар талқыланды.

    Семинар нәтижесінде спикерлер әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау кезінде іс жүргізу нормаларын қатаң сақтаудың, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеудің және нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактиканың маңыздылығын атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Ұлттық экономика вице-министрінің Түркістан облысының халқымен кездесуі

    Құрметті, Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездеседі. Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 үй. Халықпен және бизнес өкілдері...

    КездесуАяқталды

    Ұлттық экономика вице-министрінің Жамбыл облысының халқымен кездесуі

    Құрметті, Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді. Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 10 үй. Халықпен және бизнес өкілдеріме...

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 26 наурыз

    2026 жылғы 26 наурызда Министрлік «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» туралы тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы ағымдағы өзгерістер туралы ақпарат...

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 қыркүйек

    2025 жылғы 18 қыркүйекте Министрлік «Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге конституциялық бақылаудың негізгі аспектілері түсіндірілді, соның ішінде норматив...

    ХабарландыруАяқталды

    ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбековтің Түркістан облысы Түлкібас және Сайрам аудандарының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыруы

    «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы №12 қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбеков 2025 жылғы 1 тамызда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түлкібас және Сайрам аудандарындағы объектілерді аралайды. Объектілерді...

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 29 мамыр

    2025 жылғы 29 мамырда Министрлік «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі: негізгі аспектілері және 2025 жылғы өзекті өзгерістері» және «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде мөлшерлемелер жасауға шектеу қоюдын кейбір мәселелері туралы» тақырыпт...