Ақпараттық хабарлама

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Ақпараттық хабарлама
    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары!

    Ағымдағы жылдың 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

    Оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде, 7–30 қыркүйек аралығында Алматы және Жамбыл облыстары, сондай-ақ, Жетісу облысының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.

    Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады.
    Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
    «Шеп» оқу-жаттығуы тұрақты негізде Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді.

    Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерді ғана назарға алуды сұраймыз!

    Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз!

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    2026 жылғы 1–7 қыркүйек аралығында ауылдық елді мекендердегі жалға берілетін баспанаға өтінім қабылданады

    2026 жылғы 1 қыркүйек пен 7 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) baspana.otbasybank.kzпорталында ауылдық елді мекендерде орналасқан жалға берілетін тұрғын үйді алуға тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан өтініштер қабылдау басталады.Азаматтар өтінішті тұрғын үйге мұқтаждар есебінде (кезекте) тұрған аудан орт...

    1 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КеңесАяқталды

    Хабарландыру

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта Сарыөзек ауылы бойынша ауыз су құбырының 5-кезеңі жүргізілуде. Осыған орай, жаңа тартылған суға қосылу мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 11 сәуір күні сағат 10:00-де аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жиналыс өтеді. Жиналысқа аудан әкімі Жүніс...

    7 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Кербұлақ ауданының әкімдігі
    КездесуАяқталды

    Кербұлақ ауданының әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! 2025 жылдың 10 маусымынан бастап аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесуі өтетінін хабарлаймыз. Кездесуге бөлім басшылары және Сарыөзек ауылдық округінің әкімі қатысады. Өтетін орны: 10.06.2025 жылы сағат 17:00-де ескі базар...

    10 маусым 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Кербұлақ ауданының әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! 11.06.2025 жылы сағат 17:00-де аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлының, бөлім басшылары және Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Баядилов Асқар Оңғарұлының халықпен кездесуі өтеді. Өтетін орны: «Аннушка» дүкенінің алдындағы СЭС ғимаратының алды. Бұл жиынға Рысқұлов, Оразбеков, Әл-Фар...

    10 маусым 2025 ж.Тікелей