Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауыл әкімінің аппараты туралы

    "Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіауыл әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ақпараттық хабарлама

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! Ағымдағы жылдың 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде, 7–30 қыркүйек аралығында Алматы және Жамбыл облыстары, сондай-ақ, Жетісу облысының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады. Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі. «Шеп» оқу-жаттығуы тұрақты негізде Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтеді. Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерді ғана назарға алуды сұраймыз! Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз!

    12 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 1–7 қыркүйек аралығында ауылдық елді мекендердегі жалға берілетін баспанаға өтінім қабылданады

    2026 жылғы 1 қыркүйек пен 7 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) baspana.otbasybank.kzпорталында ауылдық елді мекендерде орналасқан жалға берілетін тұрғын үйді алуға тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан өтініштер қабылдау басталады.Азаматтар өтінішті тұрғын үйге мұқтаждар есебінде (кезекте) тұрған аудан орталығы бойынша ғана бере алады.Іріктеу қалай жүргізіледі: өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін Отбасы банк Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді алатын азаматтарды анықтайды. Негізгі критерийлер: • Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күні; • Отбасының соңғы 6 айдағы табыс деңгейі; • Отбасы құрамы.Өтініш беру электронды форматта жүзеге асырылады. Катысу үшін жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

    1 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта Сарыөзек ауылы бойынша ауыз су құбырының 5-кезеңі жүргізілуде. Осыған орай, жаңа тартылған суға қосылу мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 11 сәуір күні сағат 10:00-де аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жиналыс өтеді. Жиналысқа аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы, ТҮКШ бөлімінің басшысы Е.Қасенов, ШЖҚ «Күреңбел су» МКК директорының міндетін атқарушы С.Рамазанов, «Сапа құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының өкілдері, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі А.Баядилов қатысады. Сіздерге ыңғайлы болуы үшін, жиналыс сенбі күніне қойылып отыр. Сондықтан, қандай да бір сұрақтарыңыз болса қалмай келіп, қатысуларыңызды сұраймыз! Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі

    7 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Акимат Кербулакского района
    ОтырысАяқталды

    Кербұлақ ауданының әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! 2025 жылдың 10 маусымынан бастап аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесуі өтетінін хабарлаймыз. Кездесуге бөлім басшылары және Сарыөзек ауылдық округінің әкімі қатысады. Өтетін орны: 10.06.2025 жылы сағат 17:00-де ескі базардың алды. Бұл жиынға Мәдибекұлы, Мүсірепов, Тоқтаров, Байтұрсынов, Жансүгіров, Сарыбаев, Алтынемел, Ескелді би, Сәтпаев, Малайсары батыр, Жібек жолы көшелерінің тұрғындарын қатысуларын сұраймыз! Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, келіп сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Келіңіздер, қатысыңыздар! Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі

    10 маусым 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кербұлақ ауданының әкімі Есболатов Қанат Болатұлының Сарыөзек ауылының тұрғындарымен кездесуі

    Құрметті Сарыөзек ауылының тұрғындары! 11.06.2025 жылы сағат 17:00-де аудан әкімі Есболатов Қанат Болатұлының, бөлім басшылары және Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Баядилов Асқар Оңғарұлының халықпен кездесуі өтеді. Өтетін орны: «Аннушка» дүкенінің алдындағы СЭС ғимаратының алды. Бұл жиынға Рысқұлов, Оразбеков, Әл-Фараби, Үркер, Жерүйық, Майлин көшелерінің тұрғындарын қатысуларын сұраймыз! Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, келіп сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Келіңіздер, қатысыңыздар! Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі

    10 маусым 2025 ж.Тікелей
    Есеп

    Сарыөзек ауылдық округі бойынша "Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп" талдамалық анықтама (2026 жылдың III тоқсанына)

    Жарияланды:
    Есеп

    Талдамалық анықтама II тоқсан бойынша

    Жарияланды: