2026 жылғы 5 қараша күні Сарыөзек ауылының орталық алаңында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанған жас азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы қатысып, әскер қатарына аттанушы жас сарбаздарға ақжарма тілегін жеткізді.
Атап айтқанда, Сарыөзек ауылдық округінен 9 азамат Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге әскер қатарына аттанды.
Аудан әкімі өз сөзінде Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, жас сарбаздарға әскери міндеттерін абыроймен атқарып, елге аман-есен оралуларына тілектестік білдірді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, әскери қызметтің маңыздылығын насихаттау және Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған азаматтарға құрмет көрсету.Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, мерекелік көңіл күй ән шашумен қорытындыланды.
Ақ жол, жас сарбаздар! Отан алдындағы қасиетті борыштарыңды абыроймен атқарып, туған жерге аман-есен оралыңдар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









