Дәмханалардың, дүкендердің тазалығы және сыртқы жарнамаларының жай-күйі тексерілді

    1 / 6

    Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының маманы және Кербұлақ аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманымен бірлесіп, Сарыөзек ауылдық округі аумағындағы дәмханалардың, дүкендердің тазалығы және сыртқы жарнамаларының жай-күйі тексерілді. Тексеру барысында жарнамалық маңдайшалардың талапқа сәйкестігіне және сыртқы көрінісіне назар аударылды. Кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктерді жою және дүкендердің сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Аталған жұмыстар ауылдың көркін жақсарту, қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін сақтау және тұрғындарға қажетті ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары