Жабайы табиғаттың жасырын тіршілігін зерттеу

    1 / 6

    Адам көзіне сирек түсетін жабайы жануарлар табиғи ортада қалай тіршілік етеді? Қай уақытта белсенді болады? Қандай аумақтарды мекендейді?

    Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылыми мониторинг аясында фототұзақтар орнатылды.

    Далалық жұмыстар барысында аумақтың табиғи ерекшеліктері мен жануарлардың қозғалыс бағыттары ескеріліп, арнайы құрылғылар орналастырылды.

    Фототұзақтар жабайы жануарларды мазаламай бақылауға, олардың түрлік құрамын, таралу ерекшеліктерін және тәуліктік белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.

    Алынған мәліметтер ғылыми тұрғыда талданып, жануарлар дүниесін зерттеу және қорғау жұмыстарында пайдаланылатын болады.

    Әрбір кадр – жабайы табиғат туралы жаңа ғылыми дерек.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары