Қазақстандық ғалым ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің төрағасы болып сайланды

    1 / 3

    2026 жылғы 24–25 қарашада Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының Бас ботаникалық бағында ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің VIII съезі өтті.

    Съезд аясында өткен есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директоры Гүлнара Тоқбергенқызы Ситпаева Кеңес төрағасы болып сайланды.

    Кеңес өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін сақтау, тірі өсімдіктердің ғылыми коллекцияларын, тұқым банктері мен генетикалық ресурстарды дамыту бағытында ТМД елдері ботаникалық бақтарының күш-жігерін біріктіреді.

    Бұл – қазақстандық ғалымның кәсіби беделінің және отандық ботаника ғылымының халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі.

    Гүлнара Тоқбергенқызын жаңа жауапты қызметке сайлануымен құттықтаймыз! Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда және бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары