14 жыл – сайын даланың табиғи байлығын сақтау, сирек кездесетін жануарларды қорғау және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жолындағы үлкен еңбек.
Резерват тарихындағы ерекше оқиғалардың бірі – керқұландардың қазақ даласына қайта оралуы. Ал Ботай мен Тұмардың дүниеге келуі табиғатты қалпына келтіру жолындағы маңызды жетістік болды.
Ғылыми зерттеулер, экологиялық мониторинг, жануарлар дүниесін қорғау және экологиялық туризмді дамыту – резерват қызметінің маңызды бағыттары.
Осы жетістіктердің артында табиғатты қорғауға өз өмірін арнаған мемлекеттік инспекторлардың, ғылыми қызметкерлердің және бүкіл ұжымның қажырлы еңбегі жатыр.
«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымын 14 жылдығымен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, бастамаларыңыз табысты болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









