Қатонқарағай тұрғындары, ауыл маңында топтасып жүрген бұл құстарды байқадыңыздар ма?
Бұл – сұр шіл. Оңтүстік Алтайдың тау бөктеріндегі далалы алқаптарды мекендейтін бұл құстар жылы жаққа ұшпай, жыл бойы осы өңірде тіршілік етеді.
Сұр шілдерді кейде көгершіндермен бірге кездестіруге болады. Себебі олардың қорегі ұқсас – дәндер мен өсімдік тұқымдары.
Сұр шілдің бір ұяға 22-ге дейін жұмыртқа салатынын, ал ұясын ағашқа емес, тікелей жерге салатынын білдіңіз бе?
Ал қыста бұл құстар қорегін қалай табады?
Сұр шілдің тіршілігі туралы қызықты деректерді карусельден оқыңыз!
Араларыңызда сұр шілді кездестіргендер бар ма?
Қосымша фотосуреттер иллюстрациялық мақсатта пайдаланылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









