Қазақстанға керқұландарды қайтаруға дайындық жалғасуда

    1 / 3

    Прага хайуанаттар бағынан жақсы жаңалық!

    Прага хайуанаттар бағының мәліметінше, Чехиядағы бейімдеу орталығына Бруно есімді 1,5 жастағы керқұлан айғыры жеткізілді. Ол Швециядағы Nordens Ark хайуанаттар бағынан әкелінген.

    Бруно 2027 жылы Қазақстанға жеткізілуі мүмкін айғырлар тобына қосылды. Алайда оның Қазақстанға нақты жеткізілетіні әзірге расталған жоқ.

    Керқұландарды тарихи мекеніне қайтару жобасы аясында жануарларды іріктеу және бейімдеу жұмыстары тасымалдаудан бірнеше ай бұрын басталады.

    Қазақстан даласына керқұландарды қайтару жолындағы дайындық жалғасуда!

    Фото: Roman Vodička

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары