Қазақстанда алғаш рет! Түркістан сілеусіні спутник арқылы бақыланады

    1 / 7

    Қазақстанның жабайы табиғатын зерттеуде маңызды жаңалық! Елімізде алғаш рет Түркістан сілеусініне ( Lynx lynx isabellinus) GPS-трекері бар арнайы қарғыбау тағылды.

    2026 жылғы 20 қарашада Алматы облысының Кеген ауданында, Алғабас ауылы маңындағы Шелек өзенінің бойында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сілеусін анықталды. Бұл аумақ «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің шекарасына іргелес орналасқан.

    Бақылау кезінде жыртқыштың шибөрі өлексесімен қоректеніп жатқаны белгілі болды.

    «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің қызметкерлері мен Зоология институтының мамандары бірлесіп, сілеусінді қауіпсіз ұстап, физиологиялық жағдайын бағалады және GPS-қарғыбау орнатты.

    Енді сілеусіннің қайда жүргенін спутник арқылы бақылауға болады!

    Бұл технология оның қозғалыс бағыттарын, мекендеу аумағын және белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.

    Қажетті ветеринариялық және зерттеу шараларынан кейін сілеусін ұлттық парктің табиғи ортасына қайта жіберілді. Қазіргі жағдайы бірқалыпты.

    Ал ең қызығы — сілеусінге «Қараша» деген ат берілді!

    Енді ғалымдар Қарашаның табиғаттағы қозғалысын GPS арқылы бақылап, сирек кездесетін жыртқыш туралы құнды ғылыми мәліметтер жинайды.

    Қарашаға сәттілік тілейік!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары