Табиғаттан қуанышты жаңалық!
Ақмола облысында жабайы жануарларды есепке алу нәтижелері жарияланды. Соңғы төрт жылда өңірдегі бұғы тұқымдастардың жалпы саны 532 басқа көбейген!
Сандар сөйлесін:
2023 жыл — 2 726 бас
2024 жыл — 2 836 бас
2025 жыл — 2 786 бас
2026 жыл — 3 258 бас!
Жалпы өсім — 19,5%!
Қандай жануарлар есепке алынды?
2026 жылғы мәлімет бойынша:
Марал — 1 099 бас
Бұғы — 15 бас
Асканиялық бұғы — 1 588 бас
Теңбіл бұғы — 556 бас
Бұл жануарлар «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» ұлттық парктерінде және Ақмола облысының бірқатар аңшылық шаруашылықтарында мекендейді.
Әрбір санның артында — табиғаттың тіршілігі!
Жануарларды тұрақты есепке алу олардың популяциясындағы өзгерістерді бақылауға және қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жабайы табиғаттың байлығы — еліміздің ортақ қазынасы!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









