Ақтөбе облысында үй жануарларына 450-ден астам жарық шағылыстыратын ленталар тағылды

    Ақтөбе облысының полициясы үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуде.
    Малдың автожолдарға шығып кетуі әлі де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. 2026 жылдың басынан бері өңірде үй жануарларының қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 46 адам түрлі дене жарақаттарын алған.
    Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында полицейлер мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық іс-шаралар аясында үй жануарларына 450-ден астам жарық шағылыстыратын лента тағылды. Бұл ленталар, әсіресе қараңғы уақытта жүргізушілерге жолдағы малды дер кезінде байқауға мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар облыс автожолдарының бойына жануарлардың 30-ға жуық макеті қосымша орнатылды. Олар жүргізушілердің назарын аударып, жолдың жүріс бөлігінде малдың пайда болуы мүмкін екенін ескертуге арналған.
    Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырмау, олардың жолдың жүріс бөлігіне шығуына жол бермеу және қараңғы уақытта көзге анық көрінуін қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары