ЖОЛДАР АШЫЛДЫ: ПОЛИЦИЯ 500-ДЕН АСТАМ КӨЛІКТІ СҮЙЕМЕЛДЕУДЕ

    226 қарашада Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына, қарлы боран мен көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.
    Бүгін ауа райының жақсаруына байланысты аталған жол учаскелерінде қозғалыс қайта ашылды.
    Қазіргі уақытта 500-ден астам жүк және жеңіл көліктің қозғалысы қайта жанданып, полиция қызметкерлері көліктерді сүйемелдеуді ұйымдастырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
    «Қазіргі уақытта жол қозғалысы қайта ашылып, полиция қызметкерлері көліктердің қауіпсіз қозғалысын сүйемелдеуде. Жүргізушілерден жолда қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмауды, ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, барынша сақ болуды сұраймыз. Полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау – жол қауіпсіздігінің маңызды шарты», – деді Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Өтеген.
    Полиция қызметкерлері жол бойында қызмет атқарып, көлік қозғалысын реттеу және жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары