Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Төлепберген Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің концерті өтті.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Омаровтың жетекшілігімен ХХ ғасырдың көрнекті композиторлары Сергей Прокофьев, Морис Равель және Игорь Стравинскийдің шығармалары орындалды.
Кештің арнайы қонағы – Германиядан келген пианист, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір Тебенихин. Музыкант оркестрдің сүйемелдеуімен Сергей Прокофьевтің фортепиано мен оркестрге арналған до мажордағы №3 концертін орындап, жоғары орындаушылық шеберлігін көрсетті.
Кеште әлемдік классиканың жауһар туындылары шырқалып, оркестр көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Концерт симфониялық өнерді дәріптеуге бағытталып, тыңдарманға әлемдік музыкамен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









