Астанада «Түнгі аялдама – Достық, 11» жобасы басталды

    1 / 5

    Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түнгі аялдама – Достық, 11» мәдени-ағартушылық жобасы басталды. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында қолға алынды.

    Алғашқы кездесуге журналист Айнұр Омар, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров және «Paraqta» оқу платформасының негізін қалаушы Ердәулет Құрал қатысты.

    Кездесу барысында Ұлттық академиялық кітапхана мен «Paraqta» платформасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Жиында қазіргі журналистика, медиа кеңістік, мәдени құндылықтар және кітап оқудың адамның ой-өрісін кеңейтудегі орны сөз болды. Қатысушылар цифрлық платформалар арқылы оқырманның әдебиетке қызығушылығын арттыру жолдарын да талқылады. Кейін қонақтар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

    Жобаның басты мақсаты – көпшілік арасында кітап оқуды насихаттау. Бастама оқырманға әдебиет, ғылым, мәдениет, медиа және цифрлық технология салаларының өкілдерімен кездесіп, пікір алмасуға мүмкіндік береді.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары