27-29 қараша аралығында Астанада «Young Policy Advisers Course» оқу курсы өтіп жатыр. Курсты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Бағдарламаға конкурстық іріктеуден өткен 35 жасқа дейінгі 25 маман қатысып жатыр. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, зерттеу және талдау орталықтарының өкілдері бар.
Курс мемлекеттік саясат саласында жұмыс істеуге қажетті кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама стратегиялық және талдамалық жоспарлау, талдамалық материалдар әзірлеу, стратегиялық коммуникация, көпшілік алдында сөз сөйлеу және келіссөз жүргізу тақырыптарын қамтиды.
Оқу курсының ашылуында Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері мемлекеттік жастар саясатын әзірлеу мен іске асыруға жас мамандарды қатыстырудың маңызын атап өтті. Олар жас мамандардың бастамалары мен ұсыныстарын қарауға дайын екенін білдірді.
Курс жас мамандарға кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және мемлекеттік саясатқа қатысты бастамаларға белсене араласуға мүмкіндік береді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









