29 қараша күні мәслихат депутаттарын сайлау күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын автобустарда жол жүру тегін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау және сайлау учаскелеріне жылдам жетуіне мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін әдеттегі режимде жұмыс істейді.
30 қарашадан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қатынайды. Жолаушылар жол жүру уақытын жоспарлау кезінде осы жайтты ескерген жөн.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









