Астанада 1-31 желтоқсан аралығында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және тұрғындардың дене шынықтырумен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға бағытталған WORKOUT WINTER қалалық спорттық жобасы басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жоба аясында 15 жастан бастап елорда тұрғындары үшін жаттықтырушылардың жетекшілігімен воркаут және жалпы дене дайындығы (ЖДД) бойынша тегін жаттығулар ұйымдастырылады.
Жаттығулар қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан Underground Big желісінің фитнес-клубтарында өтеді.
«Елорда тұрғындарына қолайлы болу үшін жаттығуларды күндізгі және кешкі уақытта өткізуді қарастырдық. Қатысушылар өздеріне ыңғайлы жаттығу күні мен уақытын, сондай-ақ тұрғылықты жеріне жақын спорт залын таңдай алады. Абонемент сатып алу немесе ақы төлеудің қажеті жоқ. Алдын ала онлайн тіркелу жеткілікті», – деп хабарлады Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Жаттығу кестесі:
* дүйсенбі, сәрсенбі, жұма – сағат 13:00-14:00;
* сейсенбі, бейсенбі, сенбі – сағат 20:30-21:30.
Спорт залдарының мекенжайлары:
* Сарайшық ауданы – Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 16;
* Алматы ауданы – Бейімбет Майлин көшесі, 6Б;
* Нұра ауданы – Қайым Мұхамедханов көшесі, 25;
* Нұра ауданы – Тұран даңғылы, 60.
Жобаға қатысу үшін https://swsl.live/ сілтемесі арқылы алдын ала тіркеліп, жаттығуға орын брондау қажет.
Тіркелу мәселелері бойынша байланыс телефондары: +7 708 055 87 08; +7 708 388 00 01.
Бұл жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









