ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ, ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

    Ұрпақтар сабақтастығы – өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа бағдар беретін алтын көпір. Үлкеннің өнегесі, ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі – жас ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіретін баға жетпес қазына.
    Осы орайда, білім саласының ардагері, аудандық Әжелер алқасының төрайымы Мейрамкүл Полатқызы Жамбыл мектеп-лицейінің оқушыларына, олардың әжелері мен мектеп ұстаздарына «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық, әділдік пен жауапкершілік» тақырыбында тағылымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында ұлттық тәрбиенің маңызы, ата-баба аманатына адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану жөнінде кеңінен айтылды. Сонымен қатар, отбасындағы тәрбие, ата-ана өнегесі мен мектептегі тәлім-тәрбиенің өзара сабақтастығы жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуындағы маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
    Дана қарияның өнегелі сөзі – жас жүрекке жол көрсететін шамшырақ. Ал ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, адалдық пен әділдікті ту еткен тәрбиелі ұрпақ – ел болашағының берік кепілі.
    Ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтып, ұлттық тәрбиені ұлықтау – қоғамның ортақ міндеті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Отырар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары