«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға сәйкес Отырар аудандық «Отбасы банк» филиалыныңжайында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Сервистік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру мақсатында «Тұрғын үй мәселелері» бойынша көрсетілетінмемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтары туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Аталған іс-шараға Отырар ауданындағы «Отбасы банк» АҚ-ның және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері қатысты.

    Іс-шара барысындатұрғын үй саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына сала мамандары заң талаптарына сәйкес жауаптарын берді.

    «Қызмет алушылар күні» іс шарасы барысында тұрғындарға қағида талаптарына сәйкес қызмет көрсетіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Отырар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары