25-27 қараша аралығында Минск қаласындағы «Победа» кинотеатрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Қазақстан киносы күндері өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. Ол ұлттық мұраны дәріптеу мен гуманитарлық байланысты нығайтуда киноның орны айрықша екенін атап өтті.
Бағдарламаға отандық «Паралимпиец», «Осенний бриз», «Сұлтан Бейбарыс», «Композитор», «Капитан Байтасов» және «38. Соңғы нүкте» фильмдері енген.
Көрермен Қазақстанның тарихи мұрасы мен ұлттық құндылықтарды арқау еткен, бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін көтерген түрлі жанрдағы фильмдерді тамашалады.
Іс-шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының өкілдері, «Осенний бриз» жобасының продюсері Тасболат Мерекенов және «38. Соңғы нүкте» фильмінің актері Асылбек Әйтіш қатысты.
Көрсетілімдерге қала тұрғындары, кино саласының мамандары, қазақстандық диаспора өкілдері мен студенттер келді.
Қазақстан киносы күндері Беларусь көрерменін отандық кинотуындылармен кеңірек таныстыруға және екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтуға ықпал етті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









