Түркияның Анкара қаласында Түркі әлемі медиаторлар одағының ұйымдастыруымен Түркі әлемінің II медиация форумы өтіп жатыр.
Іс-шараға түркі мемлекеттерінің мемлекеттік органдары, кәсіби медиаторлар қауымдастығы, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.
Форум медиацияның құқықтық тетіктерін жетілдіру, дауларды бейбіт жолмен шешудің тәсілдерін пысықтау, сондай-ақ медиативтік келісімдер туралы ортақ конвенция қабылдау мүмкіндігін қарастыруға бағытталған.
Жиын аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова Қазақстанның медиацияны дамытудағы тәжірибесін бөлісті. Ол өз сөзінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірлесіп жұмыс істеуінің, қоғамдық келісімді нығайтудың және сындарлы диалог мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Қатысушылар әр елдің медиация саласындағы тәжірибесіне, кәсіби байланыстарды дамытуға және дауларды сотқа дейін реттеу тәсілдерін кеңінен қолдануға айрықша назар аударды.
25-29 қараша аралығында өтіп жатқан форум түркі мемлекеттерінің медиация саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға және бірқатар бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









