Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіне қарасты Бершінтөбе ауылында, 076-квартал, 174-учаскеде орналасқан «Jasyl Suyq Qazaqstan» ЖШС-нің тоңазытқыш құрастыру ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет ету дайындығын пысықтау, жеке құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру және төтенше жағдай кезінде өзара іс-қимылды үйлестіру.
Жаттығу барысында шартты өртті сөндіру, өрт ошағын оқшаулау, өрттің одан әрі таралуына жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдар пысықталды.
Мұндай оқу-жаттығулар өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін жетілдіруге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









