«Қыс-2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменттері қолайсыз ауа райы жағдайында болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады. Оқу-жаттығу Түркістан облысы Төлеби ауданы Қаратөбе ауылы маңындағы ескі Қазығұрт асуында өтті.
Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, қалың қар жауып, боран соғуы салдарынан асу арқылы қозғалыс қиындаған. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасы орын алып, көлік кептелісі пайда болды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлікте қамалып қалған адамдарды құтқару үшін жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен көлік есіктерін ашып, зардап шеккендерді эвакуациялады. Оларға алғашқы медициналық көмекті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері көрсетті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








