Жолдағы қауіпсіздік тәртіптен басталады: Павлодар облысы полициясының жол тексеру қорытындылары

    Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында Павлодар облысының полициясы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың жай-күйіне тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
    Жыл басынан бері жалпы ұзындығы 27 мың шақырымнан астам жолға 1350 тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 1350 нұсқама берілді.
    - Жолдарды тиісінше күтпеу, жол жұмыстарын жүргізу қағидаларын бұзу және берілген нұсқамаларды орындамау фактілері бойынша 282 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.
    Берілген нұсқамаларды орындамағаны үшін 15 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар бойынша 35 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында әкімдер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ жол пайдалану учаскелерінің бастықтары бар.
    Мәселен, республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолына жүргізілген кешенді тексеру барысында жол төсемінің тиісті деңгейде күтілмегенін және қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын көрсететін кемшіліктер анықталды. Осы факті бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
    Жол инфрақұрылымының жай-күйін бақылау жұмыстары жалғасуда. Полиция анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдауда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары