Солтүстік полиция бөлімінде жас мамандарды кәсіби бейімдеу және қызметтік тұрғыда қолдау бағытында тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде.
Бұл ретте тәлімгерлік институтына ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені тәлімгерлік жас қызметкерлердің кәсіби қасиеттерін, қызметтік тәртібі мен жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Тәлімгердің жұмысы тек тәжірибе алмасумен шектелмейді. Бұл – құқықтық сауаттылықты арттыруға, нормативтік құқықтық актілерді зерделеуге, қызметтік міндеттерді түсіндіруге, дұрыс шешім қабылдау мен заңдылықты сақтауға бағытталған күнделікті бірлескен жұмыс.
Бірлескен қызмет барысында тәлімгер жас маманды қызметтің ерекшеліктерімен таныстырып, түрлі қызметтік жағдайларда дұрыс бағдар табуға көмектеседі, кәсіби білімі мен тәжірибесін бөліседі.
Ал жас қызметкер қажетті практикалық дағдыларды меңгеріп, ұжыммен жұмыс істеуді, қызметтік әдеп нормаларын сақтауды және өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауды үйренеді.
Біздің міндетіміз – жас қызметкерді жай ғана даярлау емес, өз ісіне адал, сауатты, тәртіпті және принципшіл полиция қызметкерін тәрбиелеу.
Бүгінгі тәлімгерлік – ішкі істер органдарының кәсіби болашағына салынған инвестиция!
Заңға қызмет етеміз. Тәжірибе бөлісеміз. Лайықты ұрпақ тәрбиелейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








