Түтінді байқаған полицейлер көмекке асықты: қайғылы жағдайдың алдын алды

    Патрульдік қызметтің кезекті жұмыс күні бір отбасы үшін қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Алайда патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қырағылығының арқасында оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды.
    Патрульдеу бағытында қызмет атқарып жүрген полиция капитаны Дәурен Қамзин мен полицияның аға сержанты Болат Бекмағамбет жеке тұрғын үйдің бірінен будақтап шығып жатқан қою түтінді байқайды.
    Полицейлер уақыт жоғалтуға болмайтынын бірден түсінді. Түтін шыққан үйді анықтаған соң, қоршаудан асып өтіп, ішінде адамдардың бар-жоғын тексеру үшін үйге кірді. Олардың күдігі расталды: үйде екі ересек адам мен бір бала болған. Ересектер ұйықтап жатқандықтан, үйде өрт шыққанын байқамаған.
    Полиция қызметкерлері үй тұрғындарын оятып, қауіп туралы ескертіп, дереу өрт сөндіру қызметін шақырды. Олардың жедел әрекетінің арқасында отбасыға төнген қауіп туралы уақытылы хабар берілді.
    Бұл жағдайда полицейлердің кәсіби дайындығымен қатар, адам өміріне деген жауапкершілігі де шешуші рөл атқарды. Олар түтінді байқап қана қоймай, адамдардың қауіп-қатерге тап болмауы үшін қажетті шаралардың барлығын жасады.
    Қырағылық, батылдық және шұғыл әрекет етуге дайын болу – Дәурен Қамзин мен Болат Бекмағамбеттің бойынан табылған қасиеттер. Олардың бұл әрекеті шынайы алғысқа лайық және халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары