Қызмет – тек міндет қана емес, үлкен адамгершіліктің көрінісі!

    Кейде бір ғана игі іс адамдарға жай ғана көмек көрсетіп қоймай, тыныштық, сенімділік пен адамдық мейірімге деген үміт сыйлайды.
    Бұл жолы шынайы алғыс патрульдік полиция ротасының қызметкерлері – полиция капитаны Дархан Сламбеков пен полиция старшинасы Асқар Түсіповке жолданды. Олар жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға бейжай қарамай, көмек қолын созған.
    - Жолда келе жатқанымызда анам мен немеремнің көлігі кенеттен бұзылып қалды. Қиын жағдайға тап болған сәтте олар өзгенің басындағы жағдайға бейжай қарамайтын жандарды кездестірді. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтап, мән-жайды біліп, қамқорлық танытты. Содан кейін оларды қызметтік көлікке отырғызып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізіп салды. Бір қарағанда, бұл қызметтік күнделікті жұмыстағы шағын ғана оқиға болып көрінуі мүмкін. Алайда біздің отбасымыз үшін бұл көмек дер кезінде көрсетілген аса маңызды қолдау болды. Дархан мен Асқар, сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Бейжай қарамай, адамгершілік пен мейірімділік танытып, көмекке дайын болғандарыңыз үшін рақмет! Мұндай әрекеттер адам туралы кез келген сөзден әлдеқайда көп мағлұмат береді. Сіздер қызметтік міндеттеріңізді абыроймен атқарып, форма мен погонның артында қиындыққа тап болған жанға қолдау көрсетуге дайын, жүрегі мейірімге толы адамдар тұрғанын өз істеріңізбен дәлелдедіңіздер.
    Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық пен қызметте толағай табыс тілейміз! Жолдарыңыз әрдайым тыныш, жандарыңызда сенімді жандар болсын! Айналаңызға сыйлаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын! Қажет сәтте жанымыздан табылғандарыңыз үшін рақмет! Сіздердей қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз, – деп ризашылығын білдірген тұрғын жазған.
    Ал полицейлердің айтуынша, азаматтарға көмек көрсету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір полиция қызметкерінің басты міндеттерінің бірі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары