«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында тәртіп сақшылары қоршаған ортаны абаттандыру қағидаларын бұзу мен қоғамдық орындарды ластаудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізуде.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру. Күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс орындары пайда болуы мүмкін аумақтарда рейдтік іс-шаралар өткізіліп, қоқыс төгу және белгіленбеген жерлерге сарқынды су төгу фактілерін анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
– Мәселен, Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында қала тұрғыны күл мен қоқысты өз ауласының сыртына шығарған. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін азаматқа қатысты әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер абаттандыру саласында 6452-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Полиция өңір тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, елді мекендерді абаттандыруға өз үлестерін қосуға шақырады. Егер сіз қоғамдық орындардың ластануына, құрылыс немесе өзге де қоқыстардың белгіленбеген жерлерге төгілуіне куә болсаңыз, бұл туралы дереу «102» арнасына хабарлаңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







