Ұлытау облысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза қолданылуда.
2026 жылдың 10 айында сот шешімімен 156 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды. Оның 139-ы – ер адам, 17-сі – әйел.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер тұтыну деректерімен байланысты.
Қоғамдық жұмыстар сот шешімімен тағайындалады. Жазаға тартылған азаматтар тұрғылықты жері бойынша қоғамға пайдалы еңбек атқарады. Оның ұзақтығы 10-нан 100 сағатқа дейін белгіленеді.
Аталған шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Ұлытау облысының Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң талаптарын орындауға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








