ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ 74 ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

    Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

    Аудандағы коммуналдық кәсіпорын 2025 жылдың IV тоқсанына салық декларациясына жалған мәліметтер енгізген. Ресми құжатқа сәйкес кәсіпорында қызметкерлер жоқ екенін көрсетілген. Сөйтіп 74 қызметкерге тиесілі 4 млн теңге көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын және заңнамада көзделген өзге де төлемдерді аудармаған.

    Алайда «Еңбек.kz» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, кәсіпорында 74 қызметкер бар екені расталды.

    Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, 74 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді.

    Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары