ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРТТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 36 МЛН ТЕҢГЕНІ ӨНДІРУГЕ СЕБЕП БОЛДЫ

    БҚО Жәнібек ауданының прокуратурасы ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандардың әлеуметтік қолдау ретінде бөлінген бюджет қаражатының заңдылығына талдау жүргізді.

    Талдау шартқа сәйкес әлеуметтік қолдау алған қызметкерлер кемінде бес жыл міндетті түрде жұмыс жасауы тиіс болса да оны орындамастан өз еріктерімен жұмыстан шығып, бюджет қаражатын қайтармағанын анықтады.

    Прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде сотқа талап арыздар беріліп, олар қанағаттандырылды.

    Қазіргі уақытта атқару парақтары сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындатуға жолданды.

    Прокуратура бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғауды жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары