БҚО Теректі ауданы прокуратурасының тексеру нәтижелері бойынша жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын сумен жабдықтау жүйесінің 6 нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қабылданған шаралар ауданның 4 елді-мекеніндегі 283 абонент үшін ауызсу тарифін 4,5 есеге төмендетуге мүмкіндік береді.
Тексеру барысында 2015–2025 жылдар аралығында ауданның 25 елді- мекенінде салынған су мұнаралары мен сумен жабдықтау желілері уақтылы ресімделмегені және коммуналдық меншікке алынбағаны анықталды.
Осының салдарынан мемлекеттік субсидиялар бөлінбей, 886 абонент үшін ауызсу тарифі 666,7 теңгеден 150,8 теңгеге дейін төмендету мүмкіндігі болмады.
Қалыптасқан жағдай мемлекеттік мүлікті тиісінше есепке алмау тәуекелдерін туындатып, нысандарды одан әрі пайдалану және халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселелеріне кері әсер етуі мүмкін еді.
Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің қалған 19 нысаны мемлекеттік тіркеуден өткізу сатысында.




