Ақмола облысы «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға белсенді қатысуда

    1 / 3
    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Бұл бастама өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және аймақтағы жалпы білім беретін ұйымдарда денсаулық сақтау ортасын қалыптастыруға бағытталған.
    Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында оқу орындарын жобаға тарту жұмыстары айтарлықтай жанданды. 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірде жұмыс істейтін 519 мектептің 486-сы жобаға қосылды, оның ішінде 84 қалалық және 402 ауылдық білім беру ұйымы бар.
    2026 жылғы 7 қазанда өткен «Саламатты мектеп: дені сау білім беру ортасын құру үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл моделі» тақырыбындағы Республикалық «Саламатты мектеп» форумына аймақтық үйлестірушілердің қатысуы жобаны дамытудағы маңызды қадам болды. Іс-шараны Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы ұйымдастырды.
    Ауқымды диалог алаңында Ақмола облысының намысын үйлестірушілердің ведомствоаралық командасы қорғады:
    ✓ Д. М. Шарипова — Білім басқармасының үйлестірушісі;
    ✓ А. В. Декханова — Денсаулық сақтау басқармасының үйлестірушісі;
    ✓ Ж. Қ. Камалиева — Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі.
    Өңірдің барлық негізгі ведомстволарының форумға қатысуы тікелей өзара іс-қимылдың тиімді моделін құруға мүмкіндік береді. Бұл мектептердегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылыққа сапалы мониторинг жүргізуді және оқушылардың денсаулығын сақтаудың заманауи тәсілдерін енгізуді қамтамасыз етеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары