ПРОИЗВОДСТВЕННЫЙ КОНТРОЛЬ: КАК ОБЕСПЕЧИТЬ БЕЗОПАСНОСТЬ И СОХРАНИТЬ ЗДОРОВЬЕ РАБОТНИКОВ

    Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысшылар өндірістік шудың, дірілдің, шаңның, химиялық заттардың, жоғары температура мен жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты зиянды факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін. Мұндай факторларды дер кезінде анықтау кәсіптік аурулардың алдын алып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кәсіпорындарда өндірістік бақылауды жүйелі түрде ұйымдастырудың маңыздылығын еске салады.
    Өндірістік бақылау – еңбек жағдайларын бағалауға, зиянды факторларды анықтауға және олардың қызметкерлер денсаулығына кері әсерін болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені.
    Оның аясында жұмыс орындары мен өндірістік алаңдарда зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі. Атап айтқанда, шу мен діріл деңгейі, жұмыс аймағы ауасындағы шаң мен химиялық заттардың мөлшері, микроклимат көрсеткіштері және жарықтандыру деңгейі бағаланады.
    Зерттеу нәтижелері еңбек жағдайларының белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтауға және ықтимал ауытқуларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
    Рұқсат етілген көрсеткіштерден асып кету жағдайлары анықталған кезде жұмыс беруші қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Олардың қатарында желдету жүйесін жақсарту, шу оқшаулағыш жабдықтарды орнату, өндірістік үдерістерді жаңғырту және қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету бар.
    Өндірістік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен реттеледі.
    Өндірістік бақылау – жай ғана зертханалық өлшеулер жүргізу емес, кәсіптік аурулардың алдын алуға, өндірістік тәуекелдерді төмендетуге және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шара.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары