ХИМИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУ ОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармалармен бірлесіп, химиялық тазалау орындарының қызметінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
    Химиялық тазалау барысында әртүрлі реагенттер мен еріткіштер қолданылатындықтан, олардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау үшін белгіленген санитариялық талаптарды сақтау маңызды.
    Қазақстан Республикасында бұл саладағы қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалармен реттеледі.
    Атап айтқанда, химиялық тазалау орындарының иелері мен басшылары:
    * өндірістік үй-жайлардың санитариялық жай-күйін қамтамасыз етуге;
    * ағынды-сорғыш желдету жүйесін және жергілікті сорғыш құрылғыларды жарамды күйде ұстауға;
    * химиялық реагенттер мен еріткіштерді арнайы жабдықталған орындарда, таңбаланған ыдыстарда сақтауға;
    * технологиялық жабдықтардың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге;
    * ағынды суларды жабық тәсілмен ағызуға;
    * тұрақты түрде ылғалды тазалау жүргізіп, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.
    Департамент еске салады: санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау – қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығын қорғаудың, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің және химиялық заттардың зиянды әсерінің алдын алудың маңызды шарты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары