1 / 6
2026 жылғы 17 қарашада Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттің аға прокуроры А.А. Сабурова мен прокурор Ж.А. Бимендиннің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Іс-шара барысында тексерулерді тіркеу, заңнамада белгіленген талаптарды сақтау және тиісті құжаттарды рәсімдеу тәртібіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Семинарда тексерулерді тіркеудің практикалық қырлары, аумақтық басқармалар қызметінде туындайтын түйткілді мәселелер, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы қолдану ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар құқық қолдану практикасына қатысты сауалдарын қойып, прокуратура өкілдерінен әр мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар алды.
Мұндай семинарлар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама талаптарын бірізді қолдануға және бақылау қызметін жүзеге асыру барысында белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









