Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы «Жәнібек аудандық демалыс орталығы» МКҚК қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Міндетті төлемдердің уақтылы аударылмауы салдарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақы жарналары бойынша5,7 млн теңгеден астам, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша берешек қалыптасқан.
Қадағалау актісі негізіндеберешек толық өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.
Жол берілген заңбұзушылықтар үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, демалыс орталығының басшысы және бас бухгалтер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




