Шекара мәселесі басты назарда

    Батыс Қазақстан облысында облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен «Шаған» өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадағы заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің проблемаларына арналған Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Кеңеске облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Шекара қызметінің, ұлттық қауіпсіздік оргадарының, полиция департаментінің және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

    Қатысушылар өткізу пунктінің қызметімен, инфрақұрылымының жай-күйімен және техникалық жарақтандыруымен танысты, сондай-ақ өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

    Соңғы 5 жылда мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуге байланысты 143 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

    Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға байланысты 35 қылмыстық құқық бұзушылық орын алған болса, 2 жылда шекара және көші-қон режимін бұзуға байланысты 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

    Осы жылдың өзінде заңсыз тауар өткізуге байланысты 500-ге жуық әрекетіне тосқауыл қойылды.

    Шекарамен байланысты барлық проблемаларды өзара бірігіп шешудің 3 жылға арналған тұжырымдамасы жасақталды.

    Құжат шекара қызметінің инженерлік инфрақұрылымын жаңарту, қызметті цифрландыру, өткізу пункттерін дамыту және техникалық жарақтандыру, көші-қон бақылауын жетілдіру бойынша нақты шараларды көздейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары