Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған жаппай мерекелік іс-шараларға қатысушылардың санэпидқауіпсіздігін қамтамасыз ету

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған жаппай мерекелік іс-шараларға қатысушылардың санэпидқауіпсіздігін қамтамасыз ету

    Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған жаппай мерекелік іс-шараларға қатысушылардың санэпидқауіпсіздігін қамтамасыз ету

    2026 жылғы 2-3 қазанда Алматы облысының Жамбыл ауданында "Көкбастау" ипподромының аумағында Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған ауқымды мереке өтті.

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мерекеге қатысушылар мен қонақтардың денсаулығын қорғау үшін профилактикалық және бақылау іс-шараларының толық кешенін қамтамасыз етті.

    "Көкбастау" ипподромында 25 мыңға жуық қонақтар мен қатысушыларға қызмет көрсету үшін 40 киіз үйге, 40 шатырға, 180 сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындарына санэпидбақылау ұйымдастырылды. Ауыз суды жеткізуді 6 көлік тасымалдаушы қамтамасыз етті, аумақта 35 қолжуғыш, 30 қоқыс жәшігі, 15 биотуалет және 11 ағаш дәретхана орнатылды.

    "Көкбастау" ипподромының ұңғымасынан су сынамалары, тамақ өнімдерінің 84 сынамасы, нитраттардың қалдық құрамына көкөністер мен жемістердің 120 сынамасы зерттелді, қызмет көрсетуші персонал ішек инфекцияларын тасымалдауға тексерілді.Мерекені өткізу кезеңінде және ол аяқталғаннан кейін қатысушылар мен қонақтар арасында тамақтан улану және жіті ішек инфекцияларының жағдайлары тіркелген жоқ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары