Ұлытау облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 3 500-ден астам дерегі анықталды

    Жыл басынан бері Ұлытау облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 3 500-ден астам дерегі анықталды. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және аумақтарды күтіп ұстау талаптарының орындалуын бақылау барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау жүйелерін де пайдаланады.

    Мәселен, Сәтбаев қаласында бір күннің ішінде жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы ірі көлемді қоқысты белгіленбеген жерге қалдырудың екі дерегі анықталды. Бір жағдайда тұрғын ескі су жылытқышты, екінші жағдайда матрасты қоқыс контейнерінің жанына тастап кеткен.

    Аталған фактілер бойынша екі тұрғын да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

    Ұлытау облысының Полиция департаменті тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, тұрмыстық және ірі көлемді қалдықтарды белгіленген орындарға шығаруға шақырады. Қоғамдық тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары