ЖИТС/АИТВ алдын алу бойынша семинар өткізілді

    1 / 3

    2026 жылғы 12-ші қарашада Атырау бөлімшелік көліктегі санитарниялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, «Air Tengri» АҚ авиакомпаниясының қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізіді. Іс-шара АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы күрес және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
    Семинар мақсаты-қызметкерлерге АИТВ/ЖИТС инфекциясын жұқтыру қаупі туралы ақпарат беру және олардың өз денсаулығына жакапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
    Семинар барысында АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша маңызды тақырыптар талқыланды, оның ішінде АИТВ тестілеудің маңызы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары және оның жұқпайтын жағдайлары түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, аурулардың алдын алу және денсаулықты қорғау шаралары туралы құнды ақпарат берді.
    Қатысушыларға ақпараттық материалдар мен парақшалар таратылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары