2026 жылғы 13 қарашада Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы қашықтан семинар ұйымдастырып өткізді.
Семинарға гигиеналық оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ әуе және теміржол көлігі мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинардың тақырыбы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-195/2020 «Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптары.
Семинардың мақсаты – халықтың декреттелген тобына жататын адамдарды гигиеналық оқыту нәтижелері туралы мәліметтерді «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесіне (СЭҚ АЖ) міндетті түрде және уақтылы енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету, медициналық қарап-тексерулер жүргізу және өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың өзекті мәселелері бойынша қажетті ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









