1 / 3
2026 жылғы 10 қарашада Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «SCAT» АҚ-ның бортсеріктері мен қызметкерлері арасында «2025–2026 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпарат беріліп, тиісті тақырыптағы жадынамалар таратылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









