«Тағамнан улану мен ботулизмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді

    2026 жылғы 27 қазанда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлері үшін «Тағамнан улану мен ботулизмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
    Семинардың мақсаты – тағамнан улану мен ботулизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
    Семинар барысында қатысушылар Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдаймен, тағамнан улану мен ботулизмнің негізгі белгілері және олардың алдын алу жолдарымен, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінде топтық тағамнан улану жағдайларына жол бермеу шараларымен таныстырылды.
    Қатысушыларға топтық тағамнан уланудың негізгі себептері түсіндірілді. Олардың қатарында персоналдың міндетті медициналық тексеруден өтпеуі, қызметкерлер арасында ішек инфекциялары қоздырғыштарын тасымалдаушылықтың болуы, оның ішінде жалған жеке медициналық кітапшалар негізінде жұмысқа жіберілуі, объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, өнімдерді дайындау, сақтау және өткізу талаптарының, тағам дайындаудың технологиялық процесінің бұзылуы, жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ тамақ өнімдерін пайдалану сияқты санитариялық қағидаларды өрескел бұзу фактілері атап өтілді.
    Семинар барысында қатысушылар өзара пікір және ұсыныстар алмасты. Басқарма маманы қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Қатысушылар талқыланған тақырыптарға қызығушылық танытып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша қажетті ақпарат алды.
    Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру мақсатында жадынамалар мен буклеттер таратылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары